Үкімет Басшысы Астанада ашылған мектепке дейінгі даярлық орталықтарында болды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың балабақшалардағы орын тапшылығы проблемасын шешу тапсырмасына сәйкес, елордада жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешендерінің 1-ші қабаттарында орналастырылған мектепке дейінгі даярлық орталықтарында болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы мен қала әкімі «Жаңа құрылыс» ЖШС-ның көмегімен құрылыстары аяқталған «Европалық» және «Оқжетпес» тұрғын үй кешендерінде жабдықталған шағын орталықтарда болды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры Гүлнар Ыбрайымбаеваның атап көрсеткеніндей, Астана қаласында балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында «Жаңа құрылыс» ЖШС-ға құрылыстарын аяқтауға берілген 12 проблемалы нысанның әрқайсында мектепке дейінгі даярлықты жүргізетін шағын орталықтарды орналастыру үшін, ағымдағы жылғы желтоқсан айында Үкімет қаулысымен қосымша 1 миллиард 28 миллион теңге қаражат бөлінген. 

Бүгінгі күні барлығы үш орталықтың жабдықталуы толығымен аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі желтоқсан айының 11-інде пайдалануға берілген «Тәуелсіздік» тұрғын үй кешенінде алғашқы шағын орталық ашылған болатын.

Алдағы уақытта елордада көпқабатты тұрғын үйлердің алғашқы қабаттарында барлығы 40 шағын орталықты салу жоспарланған, оларда 5-6 жастағы 3 мыңнан астам бала тәрбиеленетін болады.

Айта кетейік, шағын орталықтар балаларды уақытша қалдыруға лайықталған. Оларда тамақтандыру мен ұйықтату қарастырылмағандықтан, онда болу мерзімі 5 сағатты құрайды.

Астана қаласында балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында қолға алынып жатқан барлық іс-шаралардың нәтижесінде 2010 жылдың соңына қарай жаңадан 11 мың орынды ашу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар