Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өсімдік өсіру және астық өндіру саласына жаңа технологияларды енгізу жұмысын жалғастыруды тапсырды

АНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ведомствоның алдына отандық өсімдік өсіру және астық өндіру саласына жаңа технологияларды енгізуді жұмысын жалғастыруды тапсырды.
None
None

«Астық өндіру саласы бұл - біздің ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі әлеуетіміз. Онымен біз әрқашан мақтандық және әрдайым мақтанамыз. Өткен жыл осы салаға жаңа технологияларды енгізудің тиімділігін көрсетті. Сондықтан өсімдік өсіру саласына жаңа технологияларды енгізуді жалғастыру министрліктің бірінші міндеті болуы қажет», - деді К.Мәсімов.

Осы орайда Премьер-Министр 2011 жылдың соңында Түрікменстан арқылы тікелей Парсы шығанағына ашылатын темір жол торабының маңыздылығын ерекше атап өтті. «Астық Қазақстанның Бейнеу стансасынан Бандерабас арқылы Парсы шығанағына 12 сағаттың ішінде жеткізілетін болады. Бұл бұған дейін болған шығындарды анағұрлым қысқартуға мүмкіндік береді. Осы кезде Қазақстанның астығы барлық Таяу Шығыс елдерінде бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан осы мәселені министрлік жан-жақты пысықтап, әзір болуы тиіс», - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар