Үкімет басшысы бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Премьер-Министрі мен «Wolfensohn Capital Partners L.P.» инвестициялық қорының Бас серіктесі Джеймс Вулфенсонның келіссөздері өтті. Кездесуде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ мен «Wolfensohn Capital Partners L.P.» арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.К.Мәсімов компанияның инвестициялық жобаларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай да өзара тиімді дамитынына сенім білдірді.Премьер-Министрдің «Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Владимир Дмитриевпен болған кездесуінде Қазақстан даму институттары мен Ресейдің «Внэшэкономбанкі» арасындағы байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды.Тараптар мұнайгаз өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығының түрлі салаларындағы өзара қарым-қатынас тақырыбына, сондай-ақ инфрақұрылымдық қор құру мәселелеріне айрықша назар аударды.Түс ауа К.Мәсімов Бүкіләлемдік Банктің вице-президенті Шигео Катсу бастаған делегациямен кездесті.Кездесуде Ш.Катсу Премьер-Министрге Бүкіләлемдік Банктің Орталық Азия бойынша жаңадан тағайындалған аймақтық директоры Мото Кониши мырзаны таныстырды.Әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банктің арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Соңғы жаңалықтар