Үкімет басшысы дағдарысқа қарсы шаралардың ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов дағдарысқа қарсы шаралардың ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана мен Алматы қалаларындағы тұрақтандыру бағдарламаларына оң баға берген Үкімет басшысы, осы орайда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен аталған екі қаланың әкімдіктері арасындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі жетілдіре түсу керектігін атап өтті. «Желтоқсан мен қаңтар айларында бірқатар мәселелер туындаған болатын. Алайда, біз олардың барлығын өзара үйлестіріп, нақты бағыттар мен ресурстар айқындалды», - деді Үкімет басшысы. Экономиканы дамыту бағытындағы шараларды атқару тұрғысындағы жұмыстарды екі комиссия бақылап отырғанына, яғни біріншісі партиялық, ал екіншісі мемлекеттік комиссия екенін жеткізген К. Мәсімов, бұл бағыттағы шаралардың барлығы жылдам әрі ашық түрде жүзеге асырылуы тиіс деп атап көрсетті. «Осы екі үдеріс әрдайым қатар жүруі қажет»,-дейді Үкімет басшысы.
Соңғы жаңалықтар