Үкімет басшысы еліміздің 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын ұсынды

АСТАНА.  5 қазан. ҚазАқпарат -  Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында  ҚР Үкімет басшысы  Серік Ахметов еліміздің 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын ұсынды.
None
None

«Сонымен 2013-2017 жылдары экономиканың өсуі 6 пайыздан 7,6 пайызға дейін болады деп болжануда. Бұл параметрлер экономиканың орта мерзімдік кезеңдегі 7 пайыздық өсімін қамтамасыз етеді», - деді Премьер-Министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы өсімі 24,5 мың долларға жетеді деп күтілуде. 2013 жылы бұл көрсеткіш 14,5 мың АҚШ долларын құрайтын болады.

«2013-2017 жылдары инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығында болады», - деп түйіндеді Премьер-Министр.

 

 

Соңғы жаңалықтар