Үкімет басшысы К.Мәсімов прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Шараға қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов еліміздің прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Осы 20 жылдың ішінде прокуратураның әрбір қызметкері заңнаманың орындалуын нақты әрі айқын жүргізді. Тіпті қиын шешімдер қабылдау қажеттігі туындаған ең ауыр жағдайларда да сіздер әрқашанда жоғарыдан көріне білдіңіздер. Мен атқарушы органдардың, Үкіметтің атынан сіздер мен біздер бірлесіп қабылдаған бірлескен жұмыстар, шешімдер үшін зор алғыс білдіргім келеді. Сіздердің барлықтарыңызды 20 жылдық мерекелеріңізбен құттықтаймын», - деді Үкімет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы 6 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың еркіндігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысымен Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынышты прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылған болатын.