Үкімет басшысы Қостанай перзентханасында медициналық қызмет көрсетудің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету жөнінде сөз етті

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай перзентханасында болды.
None
None

Үкімет басшысы облыстың медициналық мекемелері басшыларымен кездесулер өткізіп, медициналық қызмет көрсетудің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету және «Салауатты Қазақстан» денсаулық сақтау бағдарламасының жобасы мәселелерін талқылады.

Перзентхана ғимараты 1978 жылы салынған, 9 бөлімшесі бар. 2008-2010 жылдары оны жөндеуден өткізуге және жарақтандыруға 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі күні мекемеде 52 дәрігер мен 155 орта буын медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар