16:33, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы құтқарушылардың элиталық құрамын жасақтауды тапсырды
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құтқарушылардың элиталық құрамын жасақтауды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінгі жағдайға қарамастан, мен Төтенше жағдайлар министрлігіне құтқарушылардың элиталық құрамын жасақтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Материалдық-техникалық жағынан 100 пайызға жасақталған бұл құрылым әу баста министрліктің аймақтық бөлімшелерінде шоғырланса, алдағы уақытта барлық аймақтарда құрылу мәселесін қарау қажет. Қандай да бір жерде апат бола қалған жағдайда, біз осы үздік құтқарушылар тобын сол жерге жібереміз. Бұл топ ең озық халықаралық талаптардың негізінде құрылуы тиіс», - деді К.Мәсімов.