Үкімет басшысы министрлікке қант тапшылығын болдырмау жөнінде тапсырма берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына төрағалық еткен Премьер-министр Әлихан Смайылов ведомство басшылығына қант тапшылығын болдырмау жөнінде тапсырма жүктеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None

«Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестеріміз шектеулер енгізетін болса, олар оны бізге 2 ай бұрын ескертуі керек. Өйткені, біз бажсыз әкеле алатын тауарларды квотасын анықтауымыз қажет. Соңғы рет қалай болды? Біздің серіктестер қантты өз елдерінен шығаруға тыйым салды және сол кезде бізге квота берілді. Бірақ, бұл квотаны жүзеге асыру үшін 2-3 ай кетеді. Тауарды әкелу, келісу және келісімшарт жасауға осындай уақыт кетеді. Біз наурыз айында алған квота бойынша қантты тек мамыр айының соңында ғана елге әкелдік. Бұл аралықта елде қант тапшылығы болды. Біз бұған дейін серіктестерге бұл сұрақты қойған кезде, олар бізді қант жеткілікті деп сендірді. Алайда, оның іс жүзінде басқаша болғанын көрдік. Сондықтан, сіздер кеңесте осы мәселені көтерулеріңіз керек», - деп министрлік өкілдеріне тапсырма жүктеді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар