Үкімет басшысы «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасының орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасының орындалуы тұрғысында жүргізілетін мониторингке орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары тікелей басшылық етеді.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов айтты.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру күрделі әлі жауапты міндет. Біз партиялық Үкімет ретінде «Нұр Отан» ХДП-мен және оның Парламенттегі фракциясымен бірлесе отырып, Ұлттық іс-қимыл жоспарын толығымен орындаймыз деген сенімдеміз»,-деді ол.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік басқару органдарында біршама құрылымдық өзгерістер болды. Соны ескере отырып, іс-қимыл жоспарына кешенді талдау жүргізу қажет»,-деп ескертіп өтті Премьер-Министр.

С. Ахметов талқылау қорытындысы бойынша партияның сайлауалды тұғырнамасының орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Осы орайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бұл жұмыстарды тікелей басшылыққа алу жүктелді.

«Интернет ресурстарыңызда партияның сайлауалды тұғырнамасының орындалуы туралы ақпарат орналастыру қамтамасыз етілсін»,-деп түйді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар