17:44, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы оңтүстіккореялық электрэнергетикалық консорциум өкілдерімен кездесті
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «КЕПКО - Самсунг» оңтүстіккореялық электрэнергетикалық консорциумының өкілдерімен кездесті,
деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан және Оңтүстік Корея Президенттері қол жеткізген екіжақты өзара қарым - қатынастарды кеңейту жөніндегі келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, консорциум өкілдері Премьер-Министрге Балқаш жылу электр стансасының (ЖЭС) құрылысы инвестициялық жобасын іске асырудың ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ, «Самұрық - Энерго» және «КЕПКО - Самсунг» консорциумы арасында «Балқаш жылу электр стансасы» АҚ акцияларын сатып алу - сату келісімінің шарттары туралы хабарлады.
Кездесуден соң Премьер-Министр «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын сатып алу - сату келісіміне қол қою рәсіміне қатысты.