Үкімет басшысы Ресей Жинақбанкі АҚ басқарма төрағасымен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат – Қаңтардың 17-сінде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Жинақбанкі АҚ басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Г.Греф Премьер-Министрге мемлекеттік органдардың, ғалымдар мен кәсіпкерлердің өкілдерінен құралған ресейлік делегацияның Астана қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп өткізілген пікір алмасу отырысына қатысқанын хабарлады. Аталған шара бүгінгі дағдарыстан шығудың бірлескен іс-шараларын әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей экономикаларының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, екі ел экономикаларын әртараптандыруға мүмкіндік беретін бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімдік ынтымақтастықты түзуге арналды. Сонымен бірге, кездесуде екі елде де молынан жеткілікті шикізатты қайта өңдеу негізінде инновациялық өнімдерді өндіру жөнінде бірқатар жобалар талқыланды. «Ресурстарды біріктіру барысында бізге кейбір өнім түрлерін 30 пайыздық деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз ? біз осы өнім бойынша әлемдік нарықтағы жағдайға әсер ете аламыз деген сөз», - деді Г.Греф. Тараптар өзара тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз етудің және инновациялық жобаларды іске асыруда күш-жігерді жұмылдырудың қажеттілігі маңызды деген туралы ортақ пікірге келді.
Соңғы жаңалықтар