19:13, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы РФ М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры бастаған өкілдерімен кездесті
денің 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Владислав Нестеров бастаған өкілдерімен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде «Қазсат-2» ғарыштық аппаратын құрудағы әрі қарайғы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
В.Нестеров тараптардың қазақстандық геостационарлық жер серігін жасау және ұшыруға қатысты келісім-шарт бойынша техникалық және заңдық мазмұндағы маңызды келісімдерге қол жеткізгенін хабарлады.
Сондай-ақ ресейлік компания өкілі қайтадан қабылданған шарттардың нәтижесінде ғарыштық аппаратты қабылдап алудың талаптары күшейгенін, оны пайдаланудың кепілдендірілген мерзімінің ұзарғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде оқыс оқиға орын алған жағдайда, жер серігін әзірлеушілер ғарыштық аппаратты басқару мен толыққанды бақылау жүргізуді мойындарына алады.