Үкімет басшысы Серік Ахметов Х Еуразиялық медиа форумға қатысушыларды құттықтады

«Құрметті достар! Үкімет атынан Сіздерді мерейтойлық медиа-форуммен құттықтағым келеді. Жемісті пікіралмасулар мен кеңестер халықаралық медиа кеңістік пен Қазақстанның ақпараттық қоғамдастығының дамуына үлес қосып жатса - өте қуаныштымыз. Баршаларыңыздың жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілейміз», - деді С. Ахметов.
Айта кетейік, 11-12 қазан аралығында тұңғыш рет Астанада журналистердің, саясаткерлердің, қоғамдық пікір көшбасшыларының және бүкіл әлемнің медиа-сарапшыларының жыл сайынғы кездесуі - Х Еуразиялық медиа форумы өтеді. Х Еуразиялық медиа форумда негізінен әлемдегі басты оқиғалар мен олардың әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары айнасындағы бейнесі турасында әңгіме болмақ. Бұдан бұрын хабарланғандай, форумға әлемнің 40-қа жуық елінен 450-ден астам делегат қатысуда.
Еске сала кетсек, Еуразиялық медиа форум (ЕМФ) - 2001 жылы Қазақстанда құрылған халықаралық, саяси емес ұйым. Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасау - ЕМФ мақсатына жатады.