Үкімет басшысы шомылу маусымы басталғаннан бері адамдардың суға батып кетуінің жиілеуіне алаңдаушылық танытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 198 адам суға кетсе, оның 82-сі балалар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

Бізге соңғы 1,5 аптаның ішінде суға 22 қазақстандықтың батып кеткендігі, оның 5-еуі балалар екендігі туралы көптеген ақпарат келіп түсуде. Осы жылдың басынан бері 198 адам суға батса, оның 82-сі балалар екен», - деп атап өткен Үкімет басшысы еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтан мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жергілікті әкімдіктермен қандай шаралар қолға алынып жатқанын сұрады.

«Кәрім Қажымханұлы, шынымен де жыл басынан бері бізде 198 адам суға батып кетті. Оның 82-сі балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 265 адам суға кеткен еді. Яғни, төмендеу бар. Шаралар қабылданып жатыр. Бізде 50 мың су қоймасы бар. Оның тек 125-сі ғана жабдықталған, онда біздің құтқарушыларымыз тұр», - деді министр.

Сонымен қатар ол жергілікті әкімдіктермен мұндай қайғылы жайттардың алдын алуға бағытталған шаралардың қолға алынып жатқандығын, суға шомылатын жерлерді барынша жабдықтау, меншік иелеріне міндетті құтқару бекеттерін орнатқызу жұмыстарының  жүргізілу үстінде екендігін баса айтты.

«Ақмола облысында өте жақсы тәжірибе бар. Бұл өңірде 6 құтқару бекеті орнатылған. Бірақ, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы әкімдіктер қосымша 25 құтқару бекетін орнатады. Осы Ақмола облысында суға кеткендердің саны ең төмен болып отыр. Дәл осындай жайт Ақтөбе облысында да орын алған. Ал қалған облыстар тиісті  шараларды қабылдаулары қажет», - деді Қ.Қасымов.

Соңғы жаңалықтар