16:05, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Үкімет басшысы Степногор қаласының бірқатар индустриялық нысандарында болды
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Ақмола облысында жұмыс сапарында жүрген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Степногор қаласының бірқатар индустриялық нысандарында болды.

Атап айтқанда, К.Мәсімов Зауыт кентіндегі «Қазфосфат» ЖШС-ның филиалы «Химия зауытында» болды. Филиал экстракциялық фосфор қышқылын, оны өңдеп, дайын өнім - аммофос немесе нитроаммофос алатын цехы бар.
Бұдан кейін Премьер «Күкірт қышқылы зауытының құрылысы» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Нысан құрылысы жүзеге асыру сатысында. Зауытта күкірт қоймасы, күкіртті балқыту цехы, сұйық балқыған күкірт, пеш және сіңіру бөлімдері бар.
Бұдан басқа К.Мәсімов «Степногор кен-химия комбинаты» ЖШС гидрометаллургиялық зауытының қызметімен танысты. Бүгінде комбинатта 3,5 мыңға жуық адам жұмыс жасайды. Комбинат руда басқармасынан және гидрометаллургиялық зауыттан тұрады.