Үкімет басшысы Сырдария өзеніндегі жағдайды бақылауға алуды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Сырдария өзеніндегі жағдайды бақылауға алуды тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылы министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі. Қызылорда облысының әкімдігі қаңтар-ақпан айларында Сырдария өзеніндегі жағдайды мұқият бақылауға алсын. Бізбен қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтау үшін қырғызстандық әріптестермен де келіссөздер жүргізу қажет», деді Премьер-Министр селекторлық кеңесте.

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, биыл Сырдария өзенінің арнасынан асып, елді мекендерді су басумен байланысты проблемалар болмауы тиіс. Ол соңғы күндері Сырдария өзеніне келіп құйылып жатқан судың көлемі күрт ұлғайғанын атап көрсетті. «Шардара су қоймасындағы судың көлемі 3 млрд. 350 млн. текше метрді құрайды. Бұл былтырғы жылға қарағанда шамамен 200 млн. текше метрге көп. Алайда, бізде биыл Көксарай су тоспасына 1 млрд. текше метр суды тастау мүмкіндігі бар», деді министр.
Өз кезегінде Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Шардарадан Сырдарияның сағасына жіберілетін судың көлемі тұрақты болуы тиістігін айтты. «Ендігі жерде судың жіберілуін көбейтуге де, азайтуға да болмайды. Себебі қазір өзенде мұздың құрсаулануын белгілі бір деңгейде қамтамасыз етіп, көктемгі кезеңге сонымен шығуымыз керек», деді ол.

Соңғы жаңалықтар