Үкімет басшысы үлескерлер алдында құрылысшылардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

«Бұл - қалыпты көрсеткіш. Себебі, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бағыттарының барша әкімшілерінің басты мақсаты - тұрғын үй құрылысында жеке инвестицияларды ынталандыру, оның ішінде коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысы. Алайда, бұл жерде заңнамалық деңгейде бірқатар проблема бар. Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы заңға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, құрылыс салушы компаниялар үлескерлердің қаржысын тартуға құқы жоқ. Мен Өңірлік даму министрлігіне құрылыс жүргізетін компания мен үлескерлердің көңілінен шығатын тетікті әзірлеуді тапсырдым. Бүгінде аталған бағытта қиғаштық бар»,- деді С. Ахметов.
Өз кезегінде ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тапсырмаға сәйкес үлескерлерді қорғау жүйесі әзірленгенін сөз етті. Онда үлескерлер алдында құрылыс салушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ескерілген.
«Аталған тетік Ұлттық банктен басқа барша мемлекеттік органдармен келісілді. Бұл тұрғыда Ұлттық банк қарсы шығып отыр. Олар баламалы таңдау ретінде кепілдік ету жүйесін ұсынды, яғни кепілдік қорын құруды алға тартуда. Бұл тетікті біз әзірлеп, Құрылысшылар қауымдастығына жібердік. Біз осы екі тетікті қараша айында таныстыруға дайынбыз», - деп толықтырды ол.
Бұл тұрғыда Премьер-Министр аталған екі құжат Үкімет қарауына 15 қарашаға дейін ұсынылуы тиіс екендігін жүктеді.
«Бұл мәселелерді келісіп, алға жылжу керек. Себебі, біз қалыс келе жатырмыз. Тиісті тетік болмағандықтан үлескерлердің инвестициясын тарта алмай отырмыз. Құрылысшыларда үлескерлер мен олардың қаржысын тарту мүмкіндігі бар. Алайда үлескерлерді қорғауға айрықша назар аудару керек. Себебі, осы күнге дейін үлескерлер проблемасы әр өңірде шығып жатыр. Мен өз деңгейімде бұл екі нұсқаны қарастырамын», - деді С. Ахметов.