Үкімет басшысы жақында іске қосылған ет өңдеу кешендерінің деңгейіне көңілі толмайтынын жеткізді

Бүгін техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту шараларына арналған кеңесте С. Ахметов елімізде бүгінге дейін қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейтін ет өңдейтін кешендер салынып жатқандығына тоқталды.
Сонымен қатар ол таяуда «Алтын сапа» сыйлығына иеленген «Астана агроөнім» компаниясы секілді халықаралық стандарттарға сай кейбір ет өңдеу кәсіпорындары бар екендігін жеткізді.
Осы орайда Үкімет басшысы соңғы салынған Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы ет өңдеу кешендер «Астана агроөнім» кәсіпорнымен салыстыруға келмейтінін атап өтті.
Өйткені «Астана агроөнім» компаниясының кәсіпорны 5 жыл бұрын салынса да, бұнда барлық талаптар ескерілген.
«Ал жақында іске қосылғандар түркиялық немесе қытайлық технологияның кешендері тек етті шабуға ғана, яғни бөлшектеп, қандай да бір мұздатқышға орналастыруға арналған. Өнім сапасы мен оның сақтаудың талабы қайда?», - деп тоқталды С. Ахметов.
Премьер-Министр қайта өңдейтін кәсіпорынды салатын кезде құрылыс барысынан бастап бүгінгі стандарттарға сәйкес жобалануы тиіс екенін қадап айтты.
«Себебі, талаптар ескерілмесе, бұл кәсіпорынның өнімдері Кеден одағы аясында да бәсекеге қабілетті болмайды», - деп түйді Үкімет басшысы.