Үкімет басшысы жанармай бағасын тұрақты ұстауды тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селокторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жанар-жағармай бағасын тұрақты түрде ұстап тұруды талап етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» жүйесі арқылы жанармай бағасын тұрақты ұстап тұру шарт. Сондай-ақ, егіс науқанына дайындықты қамтамасыз ету қажет. Бұл екі мәселе ең маңызды болып саналады», - деді Үкімет басшысы Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа. Министрдің айтуынша, жалпы жанар-жағармай бағасы тұрақты. Алайда оның кейбір түрлері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында және Астанадағы «Аурика» жанармай стансысында бағаның өсуі байқалды. С. Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, көктемгі егіс науқанына байланысты ақпанның 11-іне барлық кен орнын пайдаланушылар және тиісті мемлекеттік органдар шақырылып отыр. Ол кеңесте жанармайды өндіру көлемі, облыстарға жеткізу және баға мәселесі қаралатын болады.
Соңғы жаңалықтар