Үкімет басшысы жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке алуға байланысты заңнамаға түзетулер енгізуді тездетуді тапсырды

Бұндай тапсырманы Премьер-Министр бүгін аталмыш Агенттіктің 2010 жылдың қорытындысы мен 2011 жылғы міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде жүктеді.
«Қазір экономика дағдарыстан шығып келеді. Яғни, осы орайда қаржы пайда болғаннан кейін жердің айналасындағы мәселеге араласу қадамдары басталады»,-деп атап өтті К. Мәсімов.
Үкімет басшысы Агенттік бұл мәселеге жауап беретін еліміз бойынша басты мемлекеттік орган болғандықтан, осы шаралар тұрғысында тиісті ұстанымдар қажет екенін айтып өтті.
К. Мәсімов жер мәселесіне араласу қадамдары енді бірте-бірте басталатынын айта келе, қазіргі кезде салынатын жолдар туралы ақпарат ашық екенін, осыны пайдалана отырып адамдар соның бойындағы жер телімдерін сатып алып, уақыты жеткенше күтіп отыратынын, кейіннен сол жер телімін бірнеше есеге қайта сататынын айтты.
Премьер-Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Алматыда автокөлік жолын қысқа, яғни тура жол етіп салғаннан гөрі, үлкен айналма жолды салу арзанға түсіп отыр. Себебі, жол бойында орналасқан жер телімдерін сатып алу өте қымбатқа түсуде.
Осы орайда Үкімет басшысы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасына бұл мәселелерді тыңғылықты зерделеп қарастыруды жүктеді.