Үкімет басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Б.Сағынтаев Ақмола облысында болды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды.
None
None

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті өзінің бүгінгі санында жазды (авторы - Бақберген Амалбек).

Үкімет басшысының бірін­ші орынбасары алдымен Степ­ногор қаласына атбасын бұрып, онда қаланы дамытудың ке­шен­ді жоспарының іске асырылу барысымен танысты. Об­лыс­тың өнеркәсіпті шаҺары моно­қалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландыру тізбесіне енгізілген. Негізінен тау-кен өн­дірісі басымдық алатын қала тұр­ғындарының саны 64,3 мың адамды құрайды.

Б.Сағынтаев қала тіршілігін нәрлендіруші нысандар қа­та­рын­дағы Жылу электр орта­лы­ғы мен «Степногор тау-кен химия комбинаты» ЖШС гидро­ме­таллургиялық зауытының үйлесімді жұмысына зейін қойды. Мұнда ол жылдық қуаты 1500 тоннаны құрайтын сирек металдар қоспалары мен дербес қосылыстарының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру және жылына 170,7 тонна пирит қоспасын қайта өңдеуді қамтамасыз ете­тін «зәкірлі» жобалардың бола­шағына тиісті бағасын берді. Қос кәсіпорында 470 адам жұмыс істеп, әлеуметтік тұрғыдағы қолай­лылықтарға ие болуда.

Мұндай жұмыстар «Қазақстанның жылыжай технологиясы» ЖШС мен «Қазақстан» сауда үйінің халыққа қызмет көрсету жұмыстарынан да көрініс табуда.

Бірінші вице-премьер қала бас­шылығымен және бизнес өкілдерімен кездесуде атқарушы билік өкілдері «Жол картасы-2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, моноқала мәртебесіндегі қала тұрғындарына жан-жақты қолдау көр­сетуі қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол жылу, электр қуаты және газбен қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын жетілдіруге, бұл нысандарды жаңа технологиялармен жарақтандыру арқылы тиімділігін барыншы арттыруға назар салды. Мұнда қаланың көп пәтерлі үйлерін, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары айрықша маңыз алады. Жиын барысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ақмола облысының әкімдігіне Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, «Степногор тау-кен химия комбинаты» ЖШС-ның өндірістік қуаттарын одан әрі дамыту бойынша алдағы күндері арнайы кеңес өткізуді тапсырды.

Түстен кейін Б.Сағынтаев Цели­ноград ауданының әлеуметтік нысандарымен, оның ішінде №96 разъездегі 140 орынды балабақшаның және 300 орынды жалпы білім беретін мектептің құрылысымен танысты, сонымен қатар, Ақмол ауылындағы «Ақмола-Феникс» АҚ құс фабрикасын аралады.

Аудан активімен кездесуде Б.Сағынтаев Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарының іске асырылу барысын және Астана айналасындағы азық-түлік белдеуі жобасын орындау мәселелерін талқыға салды. Жоғарыда аталып кеткен кешенді жоспарда жалпы сомасы 40,4 млрд. теңгені құрайтын 93 іс-шараны іске асыру көзделгендігі белгілі. Ағымдағы жылы 26 іс-шараны іске асыруға 9,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Б.Сағынтаев кеңес қоры­тын­ды­сында Ақмола облысының әкімдігіне бюд­жеттік бағдарлама­лардың әкімші­лерімен бірлесіп, ТКШ, білім беру, денсаулық сақтау объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың сапалы әзірленуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ бюджет қаражатын уақтылы игеру және кешенді жоспар шеңберінде салынуы жоспарланған объектілердің пайдалануға берілуі жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ал, Астананың азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде бірінші Вице-премьер Ақмола облысы мен Астана қаласының әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-құрылымдармен бір­ле­сіп, өңірде мемлекет-жеке меншік әріп­тестігі жағдайында сауда-логистикалық орталықты дамыту мәселелерін мұқият пысықтаулары қажет екендігін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар