09:10, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келмек
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, вице-премьер алдымен Қарашығанақ газмұнайконденсаты кенішіне ат басын тіремек. Содан кейін Березов орта мектебі педагогикалық ұжымы және ата-аналармен кездеседі.
Б.М.Сапарбаев Орал қаласында сапарын жалғастырып, гемодиализ орталығында, «Ғибадат» ЖШС ұлттық жиһаз цехында, Зачаган кентіндегі №10 орта мектеп пен жуырда ашылған «Заңғар» балабақшасында болмақ. Сондай-ақ 1200 орындық жаңа мектеп құрылысымен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті балық шаруашылығы ғылыми зертханасы мен политехникалық колледж жұмысымен таныспақ.
Сапар соңында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес болмақ.