Үкімет былтырғы жылғы бюджетте қарыз лимитін асырып, заңды бұзды - Есеп комитеті

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет былтырғы жылғы бюджетте қарыз лимитін асырып, заңды бұзды. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты баяндаған Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық бюджет туралы заңда мемлекеттік қарыз 1 трлн. 577 млрд. теңге болып белгіленген. Үкіметтің есебі бойынша 2009 жылғы сыртқы қарыз 1 трлн. 618 млрд. теңге болып орындалды. Бұл үкіметтік қарыз шегінің 41 млрд. теңгеге асып кеткенін көрсетеді. Яғни, заң жүзінде Үкімет Парламент бекіткен лимиттен 41 млрд. теңгеге артығымен орындағаны көрініп отыр. Сонымен бірге, былтырғы жылы ел бюджеті екі мәрте - көктемде және күзде нақтыланды. Алайда, осы соманы Үкімет өзінің атқарған қаражаты ретінде түзетуіне де болар еді. Бірақ, ешкім де олай істемеді. Сондықтан да, бұны Үкімет қарыз лимитін алуға қатысты заңды бұзып отыр деп бағалау керек», деді О. Өксікбаев.

Сонымен бірге, Комитет төрағасы үкіметтік қарыз лимитінің 41 млрд. теңгеге артып кетуіне ешқандай да доллар бағамы әсер етпегенін атап өтті. «Себебі біздің бюджет теңгемен бекітіледі, теңгемен әрбір тиын есептелінеді, солайша есеп те беріледі. Егер долларға шағып, қарастыруды алдыға тартатын болсақ, онда тура сондай заң нормасын енгізіңіздер. Ал басқаша жағдайда бәрібір заңның бұзылғаны айқындалып тұр», деді О. Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар