Үкімет бюджетке қатысты жауапкершілікті арттыру үшін Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр - Б. Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет бюджетке қатысты жауапкершілікті арттыру үшін Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылау барысында ҚР Вице-премьері Бақытжан Сағынтаев осылай мәлімдеді.
None
None

Үкімет басшысының орынбасары депутаттар сауалына жауап бере келе, тиімсіз пайдаланылған қаражаттар мәселесіне де тоқталды. «Біз былтырдан бастап жаңа жүйемен жұмыс істеп келеміз. Тиімсіз пайдаланылды делінетін 232 млрд теңгеге келсек, ол негізінен мемлекеттік органдардың шоттарында қалған қалдықтар, кейін қайтарылған кредиттер мен трансферттерді құрайды. Ал Есеп комитетінің көрсеткен сомасына келсек, олар 232 млрд теңгеге қоса, тексеру комиссияларының анықтаған бұзушылықтарын да қосып отыр. Біз онымен келісеміз», - деді Б. Сағынтаев.

Үкімет басшысының орынбасары бюджетті атқарудағы жауапкершілікке тоқтала келе, былтырғы жылы 53 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл мемлекеттік аудит құрылған. Бұл да қаржылық бұзушылықтардың төмендеуіне септігін тигізетін болады. «Біз бюджетке қатысты жауапкершілікті арттыру мақсатында бюджеттік кодекске өзгерістер енгізбекшіміз. Ол бойынша жұмыс тобы құрылды. Біз алдағы уақытта заң жобасын Парламентке ұсынатын боламыз», - деді Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар