Үкімет Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қосымша құзырет берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қосымша құзырет берді

Қаулыға сай, аталған ведомствоға мына функциялар берілді:

- өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жекелеген тауарларға қатысты тыйым салулар мен сан жағынан шектеулерді (квоталарды) енгізеді;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша квоталарды бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөледі, сондай-ақ квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды;

- жекелеген тауар түрлерін Қазақстан аумағынан экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлардың нысаналы мақсатын растаудың тәртібі мен нысанын әзірлейді және бекітеді;

- тауарлардың нысаналы мақсатын растауды ұсынады.

Қаулы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.