Үкімет Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар жоспарын қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру бойынша 2009 жылға арналған іс-қимылдар жоспары қабылданды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аталған жоспардың басты мақсаты - халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай жасау», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев. Оның айтуынша, осы мәселелерді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы іске асырылмақ. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 140 миллиард теңгеден кем болмайды, ал жергілікті бюджеттердің үлесі жергілікті деңгейде шығыстарды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін анықталады. Сонымен қатар қосымша қаржыландырудың критерийлері әзірленеді және республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландырудың шекті пропорциялары анықталмақ. Е. Орынбаевтың сөзіне қарағанда, еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлауды жүзеге асыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелмек. Мұнымен қоса стратегияны іске асыруды үйлестіру және мониторингін жасау үшін Үкімет басшысының төрағалығымен еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселесі бойынша арнайы ведомствоаралық комиссия құрылады. Атап айтқанда, іс-қимылдар жоспарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін дамыту, мектептер мен емхаларды жөндеу, республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы, кадрларды даярлау, әлеуметтік жобаларды қаржыландыру секілді негізгі бағыттар бекітілген.
Соңғы жаңалықтар