Үкімет есебінде жылдан-жылға ұлғайып келе жатқан инвестициялар көлемінің арта түскені атап өтілген

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2008 жылда ЖІӨ көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 15 907,0 млрд.теңгені, ал оның өсуі 2007 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызды құрады.
Бұл мәліметтер Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрініс тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Үкіметі қабылдаған экономиканы жаңғырту жөніндегі жүйелік шаралар, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыз ахуалға және жаһандық дағдарысқа байланысты шұғыл ден қою шаралары сыртқы факторлардың әсерін әлсіретуге және есептік жылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мәселен, ел экономикасының негізін құрайтын салаларда 2008 жылы жағымды үрдістерді сақтау белгіленді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының дамуы баяулағаны байқалды, мұнда өндіріс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға қысқарды.Экономиканың өсуі өнеркәсіп өндірісі көлемінің 2,1 пайызға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі ? 5,3 пайызға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату 6,4 пайызға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл орайда, қара металлургия және құрылыс материалдары өндірісінің көлемін төмендету есебінен 2,6 пайызға ұқсатушы өнеркәсіпте өндіру көлемін төмендету байқалды. Есепті деректер бойынша мұнайға әлемдік баға 2008 жылы есептеулерде қабылданған 105 АҚШ долларының орнына бір баррель үшін 97,6 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Іс жүзінде бюджет есептеулерінде қабылданған бағалармен салыстырғанда Brent маркалы мұнайға әлемдік баға 7 пайызға кеміді. Елдегі экономикалық ахуалды дамытудағы оң сәттердің арасында жылдан-жылға ұлғайып келе жатқан инвестициялардың көлемін атап өтуге болады. Мәселен, 2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3 836,1 млрд. теңгені құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті. Инвестицияның басым салалары өнеркәсіпке тиесілі. Бұл салаға негізгі капиталға түскен инвестициялардың жалпы көлемінің 41,0 пайызын құраған. Оның ішінде мұнай және табиғи газ өндіру ? 21,0 пайыз, жылжымайтын мүлікпен болатын операциялар, жалдау және тұтынушыларға қызметтер беру ? 23,6 пайыз, көлік пен байланыс 17,4 пайыз көлемінде болған.
Соңғы жаңалықтар