Үкімет: Қаржы министрлігіне заңсыз саудамен күрес бойынша тапсырма берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов заңсыз сауда айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қаржы министрлігі алдында басымдықты транзиттік бағыттар бойынша кеден бекеттерін жаңғырту мен автоматтандыру, сондай-ақ кедендік рәсімдеу уақытын 5 есеге қысқарту міндеті тұр», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар ол шекарада заңсыз тауар айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді.

«Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл кешенді жоспары бойынша қадамдарды әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізуі керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алқа мәжілісінде Әлихан Смайылов жекешелендіру жоспарына байланысты министрлікке тапсырма берген болатын.



Соңғы жаңалықтар