Үкімет қаулысымен ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілді

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қаулыға қол қойды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін ұсынады.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 15 шілде , Астана, Үкімет үйі №806

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республика­сының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Соңғы жаңалықтар