Үкімет қаулысымен республикалық маңызды жобаларды іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілді

ҚазАқпарат қаулының мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобаларды іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Балқаш жылу электр станциясын салу" жобасын (өтініш беруші - «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
2) «Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу (Рудничный су электр станциясы-1 салу - 2013 жыл; Рудничный су электр станциясы-2 салу - 2014 жыл)» жобасын (өтiнiш берушi - «Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
3) «CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі «Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру» жобасын (өтініш беруші - «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
4) «Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру» жобасын (өтініш беруші - «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.