Үкімет кеден бекеттерінің жұмысын жандандыру үшін 14,3 миллиард теңге қаржы бөлді - Кедендік бақылау комитетінің өкілі

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Үкімет биылғы жылға кеден органдарының қызметін жетілдіру үшін 14,3 миллиард теңге қаржы бөлді.
None
None

Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің 2009 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен баспасөз мәслихатында аталмыш комитеттің Кедендік кірістер басқармасының бастығы Елена Канашкина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздің кеден қызметін дамыту мақсатында Үкімет тарапынан қыруар шаралар атқарылуда. Бұл реттегі басты мақсат еліміздің Кедендік одаққа енуіне байланысты сыртқы шекараны, атап айтқанда оңтүстік өңірдегі шекараны, Қытай елімен шекараны нығайтуға бағытталып отыр. «Жалпы осы мақсаттар үшін және кеден қызметін жетілдіру мақсатында арнайы бағдарлама дайындалды. «Сондай-ақ біз 2010-2011 жылдарды қамтитын нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасын да дайындадық. Үкімет тарапынан бөлінген 14 миллиард теңге осы аталмыш құжаттар аясындағы міндеттерді орындауға бағытталып отыр. Оған біз тиісті техникалық бақылау құрылғылары мен өзге де қажетті техникаларды алатын боламыз», деді Е.Канашкина.

Оның мәліметтерінше, Жамбыл облысындағы кедендік бекеттерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін 2 миллиард теңге бөлініп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысына 4 миллиард, Маңғыстауға 2 миллиард, Алматы облысындағы «Достық» кеден бекетіне 2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөліген.

Соңғы жаңалықтар