Үкімет қол жетімді тұрғын үй бағасын 1 шаршы метрі үшін 170 мың теңгеге дейінгі деңгейде белгіледі
Отырыста аталған бағдарламаны таныстырған Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің атап өтуінше, тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.
«Бірінші бағытта тұрғын үй құрылыс жүйесін пайдаланып жүзеге асыру үшін қымбат емес тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылса, келесіде құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру іске асырылады. Ал соңғы кезеңде инженерлік коммуникациялар салу қолға алынады», - деді агенттік төрағасы.
С.Нокиннің атап өтуінше, үш бағытта қарастырылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда жыл сайын елімізде шамамен 6 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілетін болады.
Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов эконом-класс санатында салынатын үйлердің 1 шаршы метрінің құны 170 мың теңгелік шектен аспауы керектігін баса айтты.