Үкімет Мемлекеттік ануитеттік компанияның жарғылық капиталын 3,5 млрд. теңгеге ұлғайтты

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын 1 313 587 000 теңгеге ұлғайтты,
None
None

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Осылайша компанияның жарғылық капиталы 3 560 298 000 теңгені құрады. Айта кетейік, аталмыш аннуитеттік компанияның 100 пайыз акциясы ҚР Үкіметіне тиесілі.

2011 жылы МАК сақтандыру нарығында қаржы көрсеткiштері бойынша, соның iшiнде сақтандыру сыйақыларын тарту, сақтандыру төлемдерi мен қорларын қамтамасыз ету бойынша жетекшi орынға шығып отыр. Ал активтерінің көлемі бойынша, жетекшілердің «ондығына» тұрақтады.

МАК-ты капиталдандыру қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жоспарлық жұмыс шеңберінде жүзеге асырылды. Алдағы жылдары МАК өмірді сақтандыру компаниялары арасында активтерінің көлемі бойынша жетекші орынға шығуды жоспарлауда.

МАК 2004 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасын және республикадағы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламаларын жемісті жүзеге асыру мақсатында құрылды. Акция пакеттерін толықтай басқару ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылды. МАК-тың Қазақстанның 25 қаласында кеңселері бар және сақтандыру агенттіктерінің желісі мол.

Соңғы жаңалықтар