Үкімет мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет параметрлерін өзгертуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет жаңа жылда мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет параметрлерін өзгертуі ықтимал. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, егер мұнай бағасы одан әрі құлдырай беретін болса, экономиканың нашарлауына орай, шығыстар қайта қаралуы мүмкін.

«Бізде үшжылдық бюджетті Парламентте жедел түрде қарау мүмкіндігі бар. Өткен жылы күзде 2015-2017 жылғы республикалық бюджетті енгізу кезінде мұнай бағасының құлдырауынан, біз Парламентте белсенді түрде қайта қарап шыққан болатынбыз. Ақпан айында да бюджетті түзеттік. Бюджетті қабылдау барысында біз Brent маркалы мұнай бағасын барреліне 40 доллар, теңгенің долларға шаққандағы бағамын 300 теңге деп болжаған болатынбыз. Қазіргі уақытта мұнай бағасы біз болжаған көрсеткіштен де төмен түсіп жатқандығын көріп отырмыз», - деп атап өтті министр.

Ведомство басшысының хабарлауынша, ел үкіметі әлемдік экономикадағы теріс ықпалдың барлығына да одан шығудың жолдары мен сценарийлерін жасап қойған.

«Дегенмен Үкімет мұнай бағасы 20 долларға , 30 долларға түскен жағдайға да сценарийлер дайындап қойған. Қазіргі кезде олар белсенді қаралып жатыр. Жаңа жылдың басында біз жаңа параметрлер жайында айтатын боламыз. Қандай сценарий орын алса да, Үкімет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындайтындығын айтқым келеді», - дейді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар