Үкімет өндіріс орындарын мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге қызықтыру үшін субсидия беріп отыруы керек

АЛМАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Еуропалық одақтың «Демократия және адам құқықтарының еуропалық құралдары» бағдарламасынан қолдау тапқан әлеуметтік жобаның қорытындысы шығарылды.
None
None

Ол «Әлсіз тұлғалардың азаматтық құқын қорғаудың тиімді құқықтық және әлеуметтік құралдарын дамыту» деп аталады. 2009 жылдың желтоқсан айында басталған 2 жылдық бұл жобаның құны 121 975 еуроы құрайды. Алматы, Астана қалалары мен Алматы, Қарағанды, Шығыс және Оңтүсітк Қазақстан облыстарында жүзеге асырылған жобаға Еуропалық одақ 97080 еуроның грантын бөлген еді.

«Біздің қоғамда жақсы заңдар көп. Алайда олардың қалай жүзеге асырылып жатқанына бақылау жасалмайды. Мәселен, заң бойынша мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға біздің қоғамымызда 3 пайыз жұмыс орны арналған. Алайда өздеріне арналған әлеуметтік жұмыс орнын таба алмай жүргендер көп. Өйткені олардың мүгедектік зейнетақысы өмір сүруге жеткіліксіз», - дейді «Үміт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аманбике Ерғалиева. Оның айтуынша, мемлекет өндіріс орындары мен мемлекеттік органдарды мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тартуға ынталандыру үшін субсидия беруі керек. Бұл бағытта шет елдердің озық тәжірибелерін енгізу қажет. Өйткені мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар өзге азаматтар сияқты қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.

Соңғы жаңалықтар