Үкімет отандық көлік маркасын жасап шығаруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның автобизнес қауымдастығы отандық көлік маркасын әзірлеуге кірісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұйым басшысы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, шетелдік инвесторлар да қазақстандық көліктің маркасына қаржы салуға даяр.

«Қазіргі кезде біз осы мәселені жан-жақты зерделеп жатырмыз. Мәселен, қытайлық «Jac» компаниясы қазақстандық брендті жасап шығуға мүдделі. Соған қаржы құюға да дайын. Ол өзбектің «Uz-Daewoo» немесе ресейлік «Lada» сияқты отандық көлік маркасы болады. Осы саладағы жұмыс нақты қай уақытта аяқталатынын айта алмаймын. Дегенмен, тапсырма бар. Үкімет те нақты міндет қойды. Ең бастысы, инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Бәлкім, алдағы уақытта қазақстандықтарға қуанышты xабарды жеткізіп қалармыз», - деді А.Лаврентьев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, әзірше отандық көлік маркасына қатысты нақты атаулар жоқ. «Jac» компаниясы тарапынан ұсыныс болды. Енді оны қолға алып, іске асыру қажет.

«Осы саладағы жұмыс енді басталды деуге болады. Әзірше, нақты бір нәрсе айту қиын. Отандық маркаға қатысты атаулар да жоқ. Шынымды айтсам, осы мәселеге қатысты ақпараттың егжей-тегжейін айта алмаймын», - деп атап көрсетті А.Лаврентьев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның автобизнес қауымдастығы өткен жылдың қорытындысын шығарды. Ұйымның вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, өткен жылы қазақстандықтар 60 мың жаңа көлікті сатып алды. Соның тең жартысы - өз елімізде құрастырылған автомобильдер. Жалпы, Қазақстан xалқы жаңа көліктерді сатып алуға 547 млрд теңгені жұмсады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24 процентке артық.

Соңғы жаңалықтар