Үкімет пен Еуропа ядролық зерттеулер ұйымы арасындағы келісім ратификацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Үкімет пен Еуропа ядролық зерттеулер ұйымы арасындағы келісім ратификацияланды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.