Үкімет пен Кәсіподақтар федерациясы арасында қалыптасқан сындарлы диалогты жалғастыру қажет - К. Мәсімов

аусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі басты мәселе - Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін Үкімет пен Кәсіподақтар федерациясы арасында қалыптасқан сындарлы диалогты жалғастыру. Ертең Астанада өтетін Кәсіподақтар федерациясының ХХI съезінің қарсаңында бүгін съезге қатысуышылармен кездесуінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, Президент алға қойған міндеттерді орындау үшін еліміздің экономикасы әртараптандырылып, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал, жұмыс берушілер,кәсіпкерлер қазіргі және келешекте құрылатын өндірістердің бәсекеге қабілетті болуы тиістігін жақсы ұғынулары керек. «Кәсіпорындар құр әншейін тұрмауы қажет, көмек жасаңдар, тапсырыс беріңдер деп мемлекеттің мойнына жүк болмауы керек. Бәсекеге қабілетті болуы керек. Жаңа технологияларды тарту қажет. Біздің кәсіпорындарымыздың өндіретін өнімдері бастапқы кезеңде Кеден одағының шеңберінде, содан кейін бүкіл әлемдік кеңістікте бәсекеге қабілетті болуы тиіс», деді К. Мәсімов.

Осы орайда мамырдың 28-де Санкт-Петербордағы келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасында Кеден одағын құру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа қол қойылғандығына тоқталған К. Мәсімов: «Кеден одағын құру жақсы іс. Оның халқымызға тигізетін пайдасы мол болады. Экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі шыңдала түседі», деді.

Соңғы жаңалықтар