Үкімет Приозерск қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп жатыр - Ә.Исекешев

онда коммуналдық шаруашылықты қайта жаңарту және жаңа қазандық салу мәселелері қамтылып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев журналистерге Приозерск қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша хабарлады.
Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде атап көрсеткендей, бүгінде Приозерск қаласында жылумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қазандық жұмысы реттелді. Дегенмен, жағдай әлі де оңай емес. Жүйелік проблемаларды шешу үшін Үкімет, Елбасының тапсырмасы бойынша қаланың дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеп жатыр.
«Қазір біз осы бағытта жұмыс істеудеміз, құжат жақын арада бекітіліп қалады», - деді Ә.Исекешев өз сөзінде.
Үкімет басшысының орынбасары сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарына тартылып отырған бригадалардың, әр пәтерге жылу берілгенше, айрықша режімде жұмыс істейтінін айтып сендірді. «Барлық жұмыс Үкіметтің бақылауында. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасы. Қазір Приозерскіде қоғамдық қабылдау құрылуда, оған кез келген қала тұрғыны келіп, өз проблемасын айта алады», - деді ол.