Үкімет сағатында Ішкі істер министрі баяндама жасайды
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 19 қарашада Мәжілістің отырыс залында «Құқық тәртібінің жай-күйі және ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы» деген тақырыппен Үкімет сағаты өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Үкімет сағаты аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, Үкімет сағаты барысында министр депутаттар сауалына жауап беретін болады.