Үкімет үйінде әкімдердің қатысуымен Елбасының Жолдауын орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы талқылануда

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының, облыстық маңыздағы қалалардың, аудандардың және ауылдық округтердің әкімдерімен кеңесі өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің кездесуіміздің басты мақсаты - атқарушы органдардың Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарының іске асырылуы барысын талқылау. Бүгінгі таңда Үкімет «Жол картасының» табысты іске асырылуы үшін барлық қажетті жағдай жасады»,- деді Үкімет басшысы өз сөзінде. Кеңес барысында Үкімет мүшелері мен мемлекеттік холдингтердің басшылары өздерінің пікір-ұсыныстарын бөлісіп, бірлескен жұмыстардың басымдықтарын, сондай-ақ жүзеге асырылатын шараларды айқындайтын болады.
Соңғы жаңалықтар