18:14, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын талқылады.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет моделін жетілдіру мәселелері, қызметкерлерді кәсіби дамыту жүйесі және кадрларды тиімді басқару, сондай-ақ орын алып отырған проблемалар мен оларды шешудің жолдары қаралды.
Премьер-Министр ұсынылған тұжырымдаманы мақұлдай келе, оны ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын есепке ала отырып, пысықтауды тапсырды.