Үкімет заң жобаларының қазақ тіліндегі мәтінін даярлауда салғырттық танытып отыр ? У. Қалижан

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет заң жобаларының қазақ тіліндегі мәтінін даярлауда салғырттық танытып отыр.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы барысында талқыланған «1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша депутат Уәлихан Қалижан осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісімшарттың қазақ тіліндегі мәтініне Мәжілістің редакциялық бөлімі 34 түзету енгізді. Жобаның әлеуметтік, саяси мәнін ескеріп Парламент Сенатынан қарауды өтінген болатынбыз. Сенат тарапы да Мәжілістің қазақ тіліндегі мәтініне енгізген түзетуінің үстінен 27 қате тауыпты. Сонда Парламент бұндай қазақ тіліндегі қатеге толған келісімді қалай қабылдамақшы. Үкімет те өз ісіне салғырттық танытып, «алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліне қараңыздар» деген сілтемені көрсетіп қойыпты. Дегенмен де бұл АҚШ үшін емес Қазақстан үшін керек заң болып тұр. Бұндай құжатты Сыртқы істер министрлігі дайындайды екен. Аталған министрлік 2009 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкенімен де, бұл бағытта ешқандай өзгеріс байқалмай отыр. «Дипломатиялық қызмет туралы» заңда 2009 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің бүкіл дипломатиялық қызметіне мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, еркін жаза алатын азаматтардың қабылданатындығы жазылған. Ал өзінің тілін құрметтемеген адам мемлекетін қалай құрметтейді?!», деді депутат. Оның айтуынша, комитетте талқыланған заң жобасының қазақ тіліндегі мәтінінде негізінен стилистикалық, орфографиялық, мазмұндық алшақтықтар орын алып, барлығы 60-тан астам қате кетіп отыр.
Соңғы жаңалықтар