Үкімет жақын арада сайлау науқанының қаржылық мәселесін шешеді - ОСК

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 5-ші сайланатын кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге дайын. Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты журналистермен болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов айтты.
None
None

«Ориталық сайлау комиссиясы қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды қажетті деңгейде ұйымдастыруға, азаматтардың және барлық сайлау процесіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқықтарын ерікті әрі тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге дайын»,-деді ОСК төрағасы.

Оның сөзінше, жуық арада Үкімет сайлау науқанының қаржылық мәселесін шешеді. «Бұл мәселеге байланысты біз жақында республикалық семинар-кеңес ұйымдастырамыз»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар