Үкімет жекешелендірілетін «ТОП-65» компанияның тізімін жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет жекешелендірілетін «ТОП-65» компанияның тізімін жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Жекешелендірудің екінші толқынына жаңа серпін беру үшін Үкімет 65 ірі компанияның тізімін жасады. Аталған компаниялар 2014 жылы үкімет бекіткен 853 нысан тізімін толықтырады», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, ТОП-65 компанияға бағалау жүргізу және жекешелендірілетін нысандар мәмілелеріне көмектесу үшін халықаралық консультанттар тартылатын болады.

«Әрбір мұндай ірі нысан бойынша жұмыстар жеке жүргізіледі және Үкімет жанындағы жобалық кеңсе тарабынан бақылауға алынады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар