Үкімет жекешелендіру қағидаттарын қайта қарап, оның тәртібін түбегейлі өзгертетін шараларды әзірледі - Е.Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет жекешелендіру қағидаттарын қайта қарап, оның тәртібін түбегейлі өзгертетін шараларды әзірледі. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Жаңа құрылымдық экономиканың негізгі міндеттері бәсекелестікті, жеке капиталды дамыту және 2020 жылға дейін мемлекет меншігінің үлесін ЭЫДҰ елдерінің - ІЖӨ-сінің 15 пайызы деңгейіне дейін қысқарту бойынша мақсатқа қол жеткізу болып табылады. Оны қалыптастыру аясында Мемлекет басшысы экономиканы мемлекеттік иеліктен шығару және мемлекеттік активтерді жекешелендіру процесін белсендіру міндетін тапсырды», - деді ол. Оның атап өтуінше, Үкімет жекешелендіру бойынша қағидаттарды қайта қарап, жекешелендірудің жағдайлары мен тәртібін түбегейлі өзгертетін шараларды әзірлеген.«Экономиканы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия осы қағидаттарды келісті және «100 нақты қадам» Мемлекет басшысының жоспарын іске асыру аясында Үкімет ұсынатын заңнамалық бастамалардың топтамасына енгізді», - деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар