Үкіметте 2014 жылы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы мәселесі қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2014 жылы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы мәселесіне арналған жиын өткізді.
None
None

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалмауына байланысты талдау жүргізіп, жоспардың жүзеге асырылмауына жауапты тұлғаларды жазаға тарту, сондай-ақ бағдарламалардың санын қысқарту туралы тапсырма берген болатын.

Жиында Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы, Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы, Дамуға ресми көмек саласындағы тұжырымдама, Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» және Инновациялық даму тұжырымдамасы секілді бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру барысы қаралды.

2014-2016 жылдары Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту концепциясын, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулықты сақтауды дамыту бағдарламаларын, 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қызмет етуді, 2014-2020 жылдары құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртуды, 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат концепциясын орындау мәселелері де қарастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев 1 маусымға дейін Үкіметке бағдарламалық құжаттар бойынша шараларды орындалмауына жауапты қызметтік тұлғаларды жазалау туралы ақпарат беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар