Үкіметте Атом энергетикасы агенттігін құру мәселесі қарастырылып жатыр

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкіметте атом энергетикасы агенттігін құры мәселесі қарастырылып жатыр. Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Атом саласының жоғары технологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметте Атом энергетикасы агенттігін құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бәлкім бұны «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ-ға жүктеп, соның шеңберінде жүзеге асырармыз немесе бұны ол кәсіпорыннан бөлек агенттік ретінде құрармыз. Бірақ, ең бастысы осы саламен біз түбегейлі айналысуымыз керек», - деді Президент.

Бұл ретте Н. Назарбаев уран шикізатын сату бойынша Қазақстанның әлемде бірінші орынға шыққандығын айта келе, бұл шикізатқа сұраныстың алдағы уақытта да артатындығын, сондықтан осы саламен түбегейлі айналысуымыз керектігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум