Үкіметте бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.
None
None

Соның ішінде, Үкімет мүшелері «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының жобасын талқылады, деп хабарланған ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында.

Ұлттық экономика министрі Е.Досаев атап өткендей, Бірыңғай бағдарлама жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде құрылды. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жүзеге асады. Бұл бизнес-бастамаларды қолдау, бизнесті салалық қолдау, валюталық қауіп-қатерді төмендету және «бір терезе» қағидасы бойынша қаржылық емес шараларды шоғырландыру. «Бірыңғай бағдарлама жобасы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және үйлестірілген дамуды қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын қолдау мен жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Оның жүзеге асуы аймақтық кәсіпкерліктің құрылымын әртараптандыруға, қаржылық емес қолдау шараларын жетілдіруге серпін береді», - деді Е.Досаев. Сондай-ақ отырыста АӨК қаржы, тұрғын үй құрылысы мәселелері мен көпжылдық мерзімге Алматы қаласында аймақтық қаржы орталығын дамыту бойынша шаралар жоспары қаралды. Жиын соңында Премьер-Министр тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар